Венесуэлада маймыл шешегінің алғашқы дерегі

Вирус жолаушыдан анықталды.

1841930
Венесуэлада маймыл шешегінің алғашқы дерегі

Оңтүстік Америкадағы Венесуэла елінде маймыл шешегі ауруының алғашқы дерегі тіркелді.

Венесуэла Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында деректің бас қала Каракастағы Симон Боливар атындағы халықаралық әуежайда жүргізілген тексеру барысында ортаға шыққаны айтылды.

Науқас дереу оқшауландырылды. Хабарламада «Испанияның астанасы Мадридтен елге келген науқас Барселонада бір кісімен байланыста болған» деп айтылды.

Сирек кездесетін бір вирус себеп болатын аурулардың  бірі ретінде белгілі маймыл шешегі Конго және Батыс Африка түрі деп екіге бөлінеді. Вирустың Конго түрі 10 пайызға дейін адам өліміне себеп болады.  Батыс Африка түрі екі жағдайдың бірінде 1 пайыз өлім көрсеткішін көрсетеді.

Жалпы алғанда адамға жануарлардан жұғатын осы вирус адамдан адамға өте сирек жұғады. Науқас адамның дене қызуы көтеріліп, қышитын бөртпелер шығады.



Ұқсас жаңалықтар