Moderna вакцинасы Омикронға әсерлі болды
Ковид-19) вакцинасының Омикрон штаммына қарсы иммундық жүйені одан әрі күшейтетіні білдірілді.
![Moderna вакцинасы Омикронға әсерлі болды](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/3aa7/337b/b702/62a1a37d79fd8.jpg?time=1722045863)
Америка Құрама Штаттарының Moderna фармацевтикалық компаниясы жетілдірген жаңа типті коронавирус (Ковид-19) вакцинасының Омикрон штаммына қарсы иммундық жүйені одан әрі күшейтетіні туралы хабарлады.
Moderna фармацевтикалық компаниясысының мәлімдемесінде Moderna-ның коронавирусқа қарсы алғаш рет өндірілген вакцинасы мен Омикрон штаммына қарсы жетілдірген жаңа вакцинасын бірлестіру арқылы сынама жасалғаны білдірілді.
Мәлімдемеде mRNA-1273.214 атты вакцинаның Омикрон штаммына қарсы алғаш рет өндірілген түпнұсқа Модерна вакцинасына қарағанда күшті антидене реакциясын тудыратыны байқалғанын хабарлады.
Ос вакцинаның күзде Ковид-19 індетіне қарсы басты қорғаушы компонент болуы жобаланғаны және зерттеуде қолға келген нәтижелер мен анализдердің мемлекеттік ұйымдарға ұсынылатыны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
![Францияда пойыз қатынасы үзілді](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/adfb/a275/ae5d/66a35e6910f0f.jpg?time=1722045863)
Францияда пойыз қатынасы үзілді
Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына бірнеше сағат қалғанда пойыздар тоқтап қалды.