АҚШ-тағы қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы бір өндіріс орнында атыс болып, үш адам қаза тапты.

1840993
АҚШ-тағы қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты

Губернатор Ларри Хоганның мәлімдемесінде Смитсбург аймағында орналасқан Columbia Machine, Inc. компаниясының өндірістік нысанына кірген шабуылшының 3 адамды өлтіргені білдірілді.

Мәлімдемеге қарағанда, шабуылды жасады деп есептелген күдікті жараланып, операция кезінде бір полиция қызметкері де жараланды.



Ұқсас жаңалықтар