АҚШ пен Канаданың Ресейге санкциялары жалғасады

Байден мен Трюдо Ресейге санкцияларды жалғастыратыны жайлы уәде берді.

1840964
АҚШ пен Канаданың Ресейге санкциялары жалғасады

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден мен Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Ресейге санкцияларын және Украинаға да жәрдемдерін жалғастыратыны жайлы мәлімдеме жасады. 

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Байден мен Трюдо Лос-Анджелестегі "9-шы Америка елдері саммиті" аясында кездесіп, аймақтық ынтымақтастығы, жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індеті, босқын, азық-түлік қауіпсіздігі сынды тақырыптарды қолға алды. 

Байден мен Трюдо Ресейге санкцияларды жалғастыратыны жайлы уәде берді. 

Байден мен Трюдо соғыстан зардап шеккен миллиондаған украиналыққа экономика, даму және гуманитарлық жәрдем талпыныстарын қолға алып, Украинаға қорғаныс жәрдемін жалғастырытындарын түсіндірді. 

Ресейге қарсы санкциялар тақырыбында жасаған ынтымақтастығына орай Канадаға алғыс айтқан Байден Мадридте өткізілетін НАТО саммитінде Трюдомен қайтадан кездесуді сабырсыздықпен күткенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар