НАТО мен Жапония ортақ әскери жаттығу өткізді

Түрік және итальяндық кемелер TCG Салихрейс және ITS Марготини 6 мамырда жапон кемелері Дж.С.Кашима және Дж.С.Шимаказэ кемелерімен бірге теңіз жаттығуын өткізді.

1840667
НАТО мен Жапония ортақ әскери жаттығу өткізді

НАТО елдеріне қарасты соғыс кемелері Жерорта теңізінде Жапония кемелерімен бірге ортақ әскери жаттығу өткізді.

НАТО-дан жасалған мәлімдемеде НАТО тұрақты теңіз миссиясының 2-тобы (SNMG-2) түрік және итальяндық кемелер TCG Салихрейс және ITS Марготини 6 мамырда жапон кемелері Дж.С.Кашима және Дж.С.Шимаказэ кемелерімен бірге теңіз жаттығуларын өткізгені хабарланды.

Жерорта теңізіндегі міндет кезінде НАТО кемелерінің қызметкерлері мен Жапония кемелерінің қызметкерлері өзара кеме сапарларын жасады.

Жапон кемелерінің қолбасшысы адмирал Шукаку Комута SNMG-2 жол бастаушы кемесі ITS Марготинидің қолбасшысы адмирал Мауро Панебянконы Дж.С.Кашимада күтіп алды.

Теңіз жаттығуы мен кеме сапарлары кезінде НАТО мен Жапония теңіз күштерінің жұмыстарына байланысты өзара мәлімет беру және тәжірибе алмастыру орайы табылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар