Джо Байден Еуропаға сапарлай келеді

Саммитте Үлкен-7 тобының Украинаға қолдауы, экономикалық және демократиялық табандылық, климат өзгерістері, өркендеу, жаһандық денсаулық сақтау қауіпсіздігі қолға алынады.

1840076
Джо Байден Еуропаға сапарлай келеді

Америка Құрама Штаттарының Президенті (АҚШ) Джо Байден 25-28 маусымда Германияда өтетін Үлкен-7 көшбасшыларының саммитіне және Испаниядағы НАТО саммитіне қатысу үшін Еуропаға сапарлай келеді.

Ақ Үйдің Баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер жазбаша мәлімдемесінде: 

"Джо Байден 25-28 маусымда Германияда өтетін Үлкен-7 көшбасшыларының саммитіне қатысу үшін 25 маусымда Германияның оңтүстігіндегі Schloss Elmau қаласына барады" деді.

Аталмыш саммитте Үлкен-7 тобының Украинаға қолдауы, экономикалық және демократиялық табандылық, климат өзгерістері, өркендеу, жаһандық денсаулық сақтау қауіпсіздігі қолға алынады. 

Карин Жан-Пьер 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысы себепті ортаға шыққан азық-түлік және энергия дағдарысы саммиттің маңызды тақырыптары арасында болатынын айтты.

Карин Жан-Пьер:

"28 маусымда Джо Байден НАТО саммитіне қатысу үшін Испанияның астанасы Мадридке сапарлай барады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар