Жапония мен АҚШ ортақ әскери жаттығу жасады

Жапония мен АҚШ Жапон теңізінде ортақ әскери жаттығу жасады.

1839529
Жапония мен АҚШ ортақ әскери жаттығу жасады

Жапония мен Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяның апта аяғында жасаған зымыран сынағынан кейін Жапон теңізінде соғыс ұшақтарымен ортақ әскери жаттығу жасады. 

Жапония Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Жапония мен АҚШ Пхеньянның апта аяғында қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран сынағына жауап ретінде әскери жаттығу ұйымдастырды. 

Жаттығуға Читоза авиабазасынан Жапонияның әуе қорғаныс күштеріне тиесілі төрт F-15 және Мисава авиабазасынан АҚШ-тың әуе күштеріне тиесілі F-16 қатысты. 

Екі ел Солтүстік Кореяның үш баллистикалық зымыран сынағына жауап ретінде 25 мамырда да ұқсас бір әскери жаттығу ұйымдастырған еді. 

5 маусымдағы соңғы сынағымен Солтүстік Корея 2022 жылынан осы таңға дейін 17 рет зымыран сынағын жасаған болды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар