Еуроодақ Украина порттарын жедел ашуға шақыруы

Урсула фон дер Ляйен Еуропарламенттің бас ассамблеясында депутаттарға үн қатты.

1839909
Еуроодақ Украина порттарын жедел ашуға шақыруы

Еуроодақ (ЕО) Украинадағы дәнді дақылдың әлем нарықтарына жеткізілуі үшін ең қолайлы жолдың Қаратеңіздегі порттар екенін, порттардың тез арада қайта іске қосылу керектігін жариялады.

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропарламент Бас ассамблеясында депутаттарға үн қатты.

Биыл әлемде кем дегенде 275 миллион адамның азық-түлікке қол жеткізе алмау қаупіне душар екенін атап көрсеткен фон дер Ляйен көптеген елде инфляциямен бірге азық-түлік қаупінің артқанын және бұл көрсеткіштердің жылдам өсуі мүмкін екенін атап көрсетті.

Бұлардың ықпалының Ресейдің 24 ақпан күні Украинаға қарсы соғысымен күшейгенін тілге тиек еткен фон дер Ляйен «Санкциялар Ресей мен үшінші елдер арасындағы дәнді дақыл немесе басқа да азық-түлік саудасына әсер етпейді. Порт эмбаргосынан азық-түлік өнімдері босатылады. Азық-түлік дағдарысын тудырған – Ресей президенті Владимир Путиннің соғысы» деді.

Фон дер Ляйен «Украинаның Қаратеңіздегі порттарының қайта іске қосылуы әлемге қажет, өйткені Украинаның дәнді дақылы уақытша дегенмен Қаратеңіздегі порттардан экспортталады. Сондықтан біз Біріккен Ұлттар Ұйымына күш-жігері үшін алғыс айтамыз» деді.

Еуроодақ Кеңесі төрағасы Шарль Мишель Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларының азық-түлікті қамтымайтынын атап «Мен осы азық-түлік дағдарысынан зардап шеккен барлық елдерге үн қатамын: Ресейдің үгіт-насихатына алданып қалмаңыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар