Путин дәнді дақылдар экспортын шантаж ретінде қолдануда

Энтони Блинкен "Ресей Украинаның дәнді дақылдар экспортын батысқа қарсы шантаж ретінде қолдануда" деді.

1838890
Путин дәнді дақылдар экспортын шантаж ретінде қолдануда

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "Ресей Украинаның дәнді дақылдар экспортын батысқа қарсы "шантаж" ретінде қолдануда" деді. 

Блинкен астана Вашингтонда азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты видео конференция әдісімен ұйымдастырылған жиналыста 24 ақпаннан бері жалғасқан Ресей-Украина соғысы салдарынан барлық дәнді дақылдарда болған қиыншылықтарға тоқталды. 

Мемлекеттік хатшы Украинаның Одесса қаласындағы портқа аялдаған кемелерде мөлшермен 20 миллион тонна бидайдың болғанын айтты.

Энтони Блинкен әлемде азық-түлік өнімдерінде экспорт дағдарысы болғанын, сондай-ақ Ресейдің аталмыш бидайдың Одессадан шығуына тосқауыл жасағанын айтты. 

Ресейдің барлық дәнді дақылдардың экспорттына кедергі жасағанын білдірген Блинкен "Эспорт шектелуде. Президент Путиннің азық-түліктердің экспотына кедергі жасағанын және жауапкершіліктен қашу үшін шабуылшы үгіт-насихат жүргізгенін білеміз. Өйткені әлемнің оған бас июін күтуде. Қысқа сөзбен айтқанда шантаж жасауда" деп көрсетті. 

Мемлекеттік хатшы Блинкен әсіресе азық-түлік дағдарысының Африкаға қатты ықпал жасағанын баяндап "Президент Путиннің дұрыс әрекет жасауын күте алмаймыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар