32 украиналық журналист қаза тапты

Александр Ткаченко: «Сіздің арқаңызда біздің ақпараттық майданымыз өте күшті» деді.

1838382
32 украиналық журналист қаза тапты

Ресей 24 ақпанда бастаған соғыстан осы уақытқа дейін 32 украиналық журналистің қаза тапқаны хабарланды.

Украинаның Мәдениет және Ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченко бүгін елде атап өтілген "Журналистер күніне" орай үндеу жариялады.

Александр Ткаченко биыл елде "Журналистер күнінің" қайғылы өтіп жатқанын айтып, Ресейдің бастаған соғысына 4 ай болғанда 32 украиналық журналистің қаза тапқанын білдірді.

Украинада соңғы 8 жылда қаза тапқан журналист санының тіпті көп екенін айтқан Александр Ткаченко Украинадағы журналистердің ролі бүгін тіпті маңызды болғанына назар аударды.

Журналистердің жауапкерлігі, жанқиярлығы, табандылығы мен батылдығы өте құнды екенін тілге тиек еткен Александр Ткаченко:

«Сіздің арқаңызда біздің ақпараттық майданымыз өте күшті» деді.



Ұқсас жаңалықтар