Зеленский  соғысты доғару үшін барша әлемнен қолдау сұрады

Зеленский мемлекетінің 20 пайыз территориясының орыс шапқыншылығының бақылауында екенін айтты.

1837042
Зеленский  соғысты доғару үшін барша әлемнен қолдау сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский мемлекетінің 20 пайыз территориясының орыс шапқыншылығының бақылауында екенін айтты. 

Президент Зеленский Люксембург парламентіне видео конференция әдісімен үн қатты. 

Орыс армиясының 24 ақпанда Украинаға жасаған шабуылынан осы таңға дейін 3 мың 620 елді мекенге басып кіргенін түсіндірген Зеленский 1017 елді мекеннің құтқарылғанын атап өтті. 

Зеленский "Бүгіннен бастап территорияларымыздың 20 пайызы шапқыншылардың жаулауы астында. Бұл да мөлшермен 125 мың шаршы километрлік алаңды қамтиды" деді. 

Украинада  300 мың шаршы километрлік алаңның миналар және жарылмаған бомбалармен толғанын баяндаған Зеленский 12 миллион украиналық мемлекет ішінде қоныс аударғанын, сондай-ақ 5 миллионнан астам адамның шетелге кеткенін жеткізді. 

Украина лидері "Бұл соғыста Ресей жеңіске қол жеткізген жағдайда Еуропадағы барлық адам қиын күндер кешіре бастайды" деп көрсетті. 

Зеленский "Егер бұл соғысты біз жеңетін болсақ, онда еуропалықтар еркіндік өмірін жалғастырады" деді. 

Украина лидері соғыс басталғаннан бері он мыңдаған адамның қаза тапқанын атап өттті.  Зеленский  соғысты доғару үшін барша әлемнен қолдау сұрағанын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар