Француз дипломаттар ереуілде

Француз дипломаттар ел тарихында екінші рет ереуілге шықты.

1837079
Француз дипломаттар ереуілде

Француз дипломаттар ел тарихында екінші рет ереуілге шықты.

Көптеген кәсіподақтың шақыруымен Парижде жиналған дипломаттарға түрлі елдердегі француз дипломаттар мен елшілер де әлеуметтік желіден қолдау беріп отыр.

Париждегі алаңға жиналған шамамен 200 адамдық топ елде жоғары деңгейдегі мемлекеттік қызметке байланысты жасалатын реформаға қарсы екендерін тілге тиек етті. Франциядағы осы реформа шеңберінде түрлі министрліктер мен әкімшіліктерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер «Мемлекеттік меңгеруші» деген бір категорияда жинақталып,  түрлі мекемелерде жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Бұған өкілетті елшілер мен кеңесшілер де қамтылған.  Осы реформа 700 шақты дипломатқа әсер етейін деп отыр.

Сыртқы істер министрлігі құрамында Жалпы Еңбек конфедерациясы кәсіподағының бас хатшысы бұл реформаға қарсы шыққандарын тілге тиек етті. Министрлік құрамында соңғы кездерде қызметкер санының азайтылғанына назар аударған ол осыған керісінше шетелде тұратын француз санының артқанын, сондықтан дипломат мамандығына деген сұраныстың жалғасып жатқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар