Еуроодақ Сирияға санкция шешімін ұзартты

Сирия режиміне қарсы санкцияларды бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

1835852
Еуроодақ Сирияға санкция шешімін ұзартты

Еуроодақ (ЕО) Сирия режиміне қарсы санкцияларды бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

Еуропа Кеңесі жасаған мәлімдемеге қарағанда Сириядағы бейбіт тұрғындарға жасалған қысым себепті санкциялар 2023 жылдың 1 маусым күніне дейін ұзартылды.

Санкция тізімінен 3 адамның шығарылғаны, тізімде 289 адам мен 70 ұйымның қалғаны атап көрсетілді. Санкцияларға қоса активтерді бұғаттау және саяхаттауға тыйым салу бар.

Сирияда 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан кейін режимнің халыққа жасаған зорлық-зомбылық пен қысымына байланысты басталған санкциялармен режимге жақын кәсіпкер мен компаниялар да нысанаға алынған еді.

Бұған қоса мұнайды импорттау, кейбір инвестицияларды шектеу, Сирия Орталық банкінің Еуроодақтағы активтерін бұғаттау, ішкі қысым және коммуникациялық құрал-жабдықтар мен технологиялардың экспортын шектеу де шаралар арасында.

Санкциялар Сирияға гуманитарлық көмек жіберуге кедергі келтірмейді.



Ұқсас жаңалықтар