Түркия әл-Акса мешіті басқынына наразылық көрсетті

Түркия Израиль үкіметін киелі орындардағы ережені сақтауға бағытталған шараларды қабылдауға шақырды.

1834694
Түркия әл-Акса мешіті басқынына наразылық көрсетті

ТР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Израиль парламентінің депутаты Итамар Бен-Гвир мен фанатикалық еврей топтары Израиль полициясының қорғауымен әл-Акса мешітіне шабуыл жасауы және осы аймақта ғибадат етуге тырысуы, әл-Харам мен әл-Акса мешіттерінің ережесін ашық түрде бұзу деген сөз. Израиль үкіметін киелі орындардағы ережені сақтау шараларын қабылдауға және арандатушылық әрекеттердің алдын алуға шақырамыз» делінді.

Израиль полициясы фанатик еврей қоныстанушылардың Иерусалимнің шығысында бүгін өткізетін «жалау шеруі» қарсаңында кеше қауіпсіздік шараларын арттырды.

Палестиналықтарға қарсы арандатушы сөздері және әрекеттерімен танымал Израильдің радикал оңшыл депутаты Итамар Бен-Гвир таңертең әл-Акса мешітіне басып кірген болатын.

Палестина Қызыл Жарты ай қоғамының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, Израиль полициясы мен еврей қоныстанушылардың Иерусалимнің шығысындағы Ескі қала және айналасында палестиналықтарға бағытталған шабуылдары нәтижесінде кемінде 22 палестиналық ұсталып, 18-і нағыз оқ тиіп, барлығы 24 палестиналық жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар