Иранда құлаған ғимаратта 31 кісі мерт болды

Абадан қаласында салынып жатқан 10 қабатты Metropol бизнес орталығы ғимараты 23 мамырда құлаған болатын.

1834687
Иранда құлаған ғимаратта 31 кісі мерт болды

Иранның оңтүстік-батысындағы Хезистан уәлаятына қарасты Абадан қаласында 23 мамырда 10 қабатты ғимарат құлады.

Ғимараттың құлауы кесірінен қаза тапқан адам саны 31-ге жетті. 

Иран мемлекеттік телеарнасына сұхбат берген Хузестан қаласының әкімі Садик Халилиян Абадан қаласында 23 мамырда құлаған 10 қабатты ғимарат жайлы соңғы мәліметтерді бөлісті.

Әкім Садик Халилиян:

"Ғимараттың қалдықтары астынан тағы 2 мәсіт табылды. Қаза тапқан адам саны 31-ге көбейді" деді.

Хузестан Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Вахид Сабани ғимарат қалдықтары астындағы іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Абадан қаласында салынып жатқан 10 қабатты Metropol бизнес орталығы ғимараты 23 мамырда құлаған болатын.

Оқиға жайлы басталған тергеу жұмыстары аясында Абадан қаласының әкімі Хусейн Хамидпур қаланың бұрынғы екі әкімін қамтыған13 кісінің ұсталғанын хабарлады.

Хузестан Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Вахид Сабани ғимарат қалдықтары астындағы іздеу-құтқару жұмыстары арқылы 48 адамның аман құтқарылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар