Литва Украинаға әскери көлік жолдайды

Пентагон Баспасөз хатшысы ​​​​​​​Джон Кирби де АҚШ-тың  800 миллион долларлық әскери жәрдем пакетін жолдайтынын айтты.

1832512
Литва Украинаға әскери көлік жолдайды

Литва Қорғаныс министрі Арвидас Анусаускас Ресейдің шабуылына ұшыраған Украинаға тіпті көп әскери көлік жіберетіндерін айтты.

Арвидас Анусаускас әлеуметтік желіден бөліскен мәлімдемесінде:

"Украинада қолдану үшін жаңа қолдау пакетін дайындап жатырмыз. 20 М113 сауытты қызметкерлер көлігі, 10 әскери жүк көлігі және 10 бронды жол талғамайтын көлік (миналарды тазарту үшін) жақында Украинаға жеткізіледі" деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) Баспасөз хатшысы Джон Кирби де АҚШ-тың  800 миллион долларлық әскери жәрдем пакетінің бір бөлшегі ретінде Украинаға 20 М113 сауытты қызметкерлер көлігі берілетінін жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар