Ресей және Қытай соғыс ұшақтары бақылау жүргізді

Мәлімдемеде барлау ұшу шарасының үшінші елге бағытталмағаны білдірілді.

1831842
Ресей және Қытай соғыс ұшақтары бақылау жүргізді

Ресей және Қытай соғыс ұшақтары Азия-Тынық мұхиты аймағында бірлескен бақылау ұшуларын жүзеге асырды.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Ресей Әуе күштеріне қарасты Ту-95 және  Қытай Әуе күштеріне қарасты H-6K бомбалаушы ұшақтары Жапония теңізі мен Шығыс Қытай теңізінде бірлескен бақылау ұшуларын жүзеге асырғаны білдірілді.

Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарасты соғыс ұшақтарының барлау ұшуы іске асқан аймақтарда орыс пен қытай ұшақтарына жолсерік болғаны білдірілген мәлімдемеде  барлау ұшуларының әуе кеңістігі қағидаларына қайшылық жасалмай, халықаралық құқыққа сәйкесті түрде іске асырылғанына меңзелді.

Мәлімдемеде барлау ұшу шарасының үшінші елге бағытталмағаны да білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар