ЕО Украинаны салықтан босатты

ЕО Украинадан импортталатын өнімдердің барлығында бір жыл бойы кедендік баж салығынан босатты.

1831987
ЕО Украинаны салықтан босатты

Еуроодаққа (ЕО) мүше елдер Украинадан импортталатын өнімдердің барлығында бір жыл бойы кедендік баж салығын алып тастауды қамтамасыз ететін ережені бекітті.

Еуропа Кеңесі Украинаға экономикалық қолдау көрсету мақсатты дайындалған уақытша сауданы ырықтандыру келісімін мүше елдер қабылдағанын жариялады.

Осыған қарағанда импортталатын өнімдердің барлығында кедендік баж салығы бір жылға тоқтатылды.

Аталмыш іс-шарада өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдері және өңделген тамақ өнімдері мен болат импортына бағытталған anti-damping баждарды қамтиды.

Өткен аптада Еуропарламент бекіткен аталмыш ереже ресми түрде қол қойылған соң ЕО ресми газетінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.



Ұқсас жаңалықтар