"Мәселені біз туғызған жоқпыз"

Дмитрий Песков Украинаның темір жол желісі арқылы Польшаға  бидай экспортын Ресейдің тоспағанын атап айтты.

1831073
"Мәселені біз туғызған жоқпыз"

Ресей жаһандық азық-түлік дағдарысына батыс елдері себеп болғанын білдіріп:

"Мәселені біз туғызған жоқпыз" деп көрсетті.

Ресейдің 24 ақпанда Украинаға бастаған соғысы себепті  батыстың жасаған санкциялары жалғасуда.

Ресей президентінің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков еліне бағытталған санкциялардың жаһандық дағдарысты асқындырғанын айтып:

"Ресей әрқашан сенімді бір азық-түлік экспортшысы болды" деді.

Дмитрий Песков БҰҰ-ның әлемнің ашаршылыққа себеп болатын бір азық-түлік дағдарысына дөп келгені бағалауымен ұқсас көзқараста екенін білдіріп:

"Мәселені біз туғызған жоқпыз.Әлемде ашаршылыққа себеп болған дағдарыстың жауапкерлері бізге санкция жасағандар мен санкцияның өзі" деді.

Батыс тарапынан Украинаға қару жолданғанын айтқан Дмитрий Песков Украинаның темір жол желісі арқылы Польшаға  бидай экспортын Ресейдің тоспағанын да атап айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Ресей, Түркия, Украина, АҚШ және БҰҰ-ның Украинадағы дәнді дақылдар экспортын қалпына келтіру үшін талпынғанын білдірген болатын.

Ресей мен Украина жаһандық бидаймен қамдаудың үштен екі бөлегін құрайды.



Ұқсас жаңалықтар