Әл-Тани мен Абдуллахиян телефонда сөйлесті

Екі министр Австрияның астанасы Венада өткен ядролық келісім бойынша келіссөздердегі соңғы оқиғалар мен ортақ мүдделер тақырыбында көзқарас алмастырды.

1831150
Әл-Тани мен Абдуллахиян телефонда сөйлесті

Катар Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдуррахман әл-Тани мен Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян екі жақтылы қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелерді бағалады.

Катардың ресми агенттігі QNA-ның хабарына қарағанда әл-Тани ирандық әріптесі Абдуллахиян мен телефонда сөйлескен.

Телефондағы әңгімеде екі министр екі жақтылы қарым-қатынастар, аймақтық және халықаралық мәселелерді қолға алды. Сонымен бірге Австрияның астанасы Венада өткен ядролық келісім бойынша келіссөздердегі соңғы оқиғалар мен ортақ мүдделер тақырыбында көзқарас алмастырды.



Ұқсас жаңалықтар