Сербия Ресейге жасалған санкцияларға қатысуы керек

Еуропа Одағы Сербияның Ресейге жасалған санкцияларға қатысуы керектігін білдірді.

1828255
Сербия Ресейге жасалған санкцияларға қатысуы керек

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері жиналысы аяқталғанда баспасөзге мәлімдеме жасады. Боррель мәлімдемесінде 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысымен қатар батыс Балқан елдерінің Еуропа Одағы процесін де қолға алғандарын айтты. 

Украинаға шабуылы салдарынан Ресейге жасалған санкцияларға Сербияның да қатысуын талап еткен Жозеп Боррель "(Ресей президенті Владимир) Путин режимімен қою қарым-қатынастарды жалғастыруға болмайды. Бұл Еуропа Одағымен ортақ болашақ құру көзқарасына қайшы. Екі кеменің құйрығын ұстауға болмайды. Осы таңда Украина соғысы тақырыбында тарапсыз болу қате бір әрекет болып табылады. Ресей бір елді жаулап алды" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар