Швеция мен Финляндия террористтерді кері қайтармайды

Осылайша екі елден кері қайтарылуы талап етілген террористтер саны 33-ке жетті.

1827632
Швеция мен Финляндия террористтерді кері қайтармайды

Швеция мен Финляндия соңғы 5 жылдан бері Түркияның Фетуллахшы террор ұйымы мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелерін ұстап беру сұранысына немқұрайлы қарады.

Әділет министрлігі сот шешімдері аясында соңғы 5 жылда Финляндиядан 6 FETÖ, 6 PKK-лық, барлығы 12 террористің кері қайтарылуын талап етті.

Министрлік сонымен бірге Швециядан 10 FETÖ, 11 PKK-лық, барлығы 21 террористің кері қайтарылуын талап етті.

Осылайша екі елден кері қайтарылуы талап етілген террористтер саны 33-ке жетті.

Бірақ НАТО мүшелігі күн тәртібінде тұрған бұл 2 ел Түркияның өтініштерінің ешқайсысына осы уақытқа дейін оң жауап қайтармады.

Екі ел Түркияның 19 террористі қайтару туралы сұранысын түрлі себептермен қабылдамай, 5 террорист туралы талапты жауапсыз қалдырды.

Финляндияда 2, Швецияда 7, барлығы 9 қылмыстық іс пен байланысты кезең жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар