Еуропа Одағы Ресей-Украина соғысына алаңдауда

Боррель "Электр және азық-түлік бағасы себепті үлкен бір экономикалық дағдарысқа душар боламыз" деді.

1827601
Еуропа Одағы Ресей-Украина соғысына алаңдауда

Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррель Ресей-Украина соғысына қатты алаңдағанын, сондай-ақ электр және азық-түлік бағасының өсуі себепті үлкен бір экономикалық дағдарысқа душар болатынын айтты. 

Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде өткізілетін Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері және Еуропа Одағы-Канада ортақ министрлер комитеті жиналысы қарсаңында мәлімдеме жасады. 

24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысының қорытындысына қатты алаңдағанын түсіндірген Боррель "Электр және азық-түлік бағасы себепті үлкен бір экономикалық дағдарысқа душар боламыз" деп көрсетті. 

Ресейдің Украина бидайының елден шығаруына және нарыққа жетуіне кедергі болғанын баяндаған Борелль бұл тақырыптардың да жиналыста қолға алынатынын айтты. 

Жозеп Боррель бір журналисттің Венгрияның Еуропа Одағының жаңа санкция пакетіне қарата тұғыры жайлы сұраққа орай "Еуропа Одағының  27 мүшесі бар және барлығын көндіруім керек" деді. 

Еуропа Одағы Комиссиясы осы айдың басында мүше елдерге Ресейге қарсы 6-шы санкция пакет жобасын жіберген. 

Комиссия кейбір мүше елдердің тұғыры салдарынан санкция пакеті мазмұнына өзгеріс жасаған. Венгрия, Словакия және Чехияға Ресейден мұнай импортында қосымша мерзім берген. 

Аталмыш тұғырларға қарамастан әлі де Венгрияны көндіре алмады. 

Еуропа Одағы санкцияларының іске қосылуы үшін мүше елдердің бір ауыздан мақұлдауы керек. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар