Орыс армиясының шығыны артуда

Мәлімдемеде: "Ресей армиясы жалпы 26 мың 650 әскерден айырылды. 199 ұшақ, 161 тікұшақ,  1195 танк жойылды" деп көрсетті.

1825898
Орыс армиясының шығыны артуда

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 26 мың 650 әскер, 199 ұшақ, 161 тікұшақ және мың 195 танкі жойылғанын хабарлады.

Украина Бас Штаб басқармасы орыс армиясының 24 ақпан мен 12 мамыр арасындағы шығындары жайлы жасаған мәлімдемесінде Украинаға шабуылдаған Ресей армиясының соңғы 24 сағатта 300 әскерінен тағы айырылғанын жариялады.

Мәлімдемеде: "Ресей армиясы жалпы 26 мың 650 әскерден айырылды. 199 ұшақ, 161 тікұшақ,  1195 танк, 2 мың 873 сауытты көлік, 534 зеңбірек, 191 зымыран соғар жүйесі және 87 әуеден қорғаныс жүйесі жойылды" деп көрсетілді.

Орыс күштері 2019 көлік, 13 кеме мен қайық және 398 ұшқышсыз әуе көлігінен де айырылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі 25 наурыздағы мәлімдемесінде Украинада 1351 әскері қаза тапқанын хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар