Иракта 9 террорист залалсыздандырылды

Ирактағы операцияда 9 террорист залалсыздандырылды.

1825090
Иракта 9 террорист залалсыздандырылды

Ирактың Киркук қаласының Сергаран қалашығы маңында екі күн бұрын террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы операция басталған еді. Операцияда  9 террорист залалсыздандырылды.

Ирак үкіметінің мәлімдемесіне қарағанда Ирак армиясы  тарапынан Сергаран қалашығы маңында 9 мамырда террор ұйымына қарсы бастаған операцияның жалғасқаны білдірілді. 

Мәлімдемеде террористтер тығылған бір үңгірдің жойылғаны және үңгірде болған 9 террористтің залалсыздандырылғаны баяндалды. 

ДАИШ 2014 жылы маусымда Ирактың Мосул, Салахаддин және Енбар уәлаятының барлығын, Диала және Киркук уәлаятының бір бөлімін басып алған еді. Аталмыш аймақтар операциялар арқылы енді құтқарылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар