Байден Украина заңына қол қойды

Джо Байден «2022 жылғы Украинаға қарыз беру-жалға беру туралы заңын» бекітті

1824405
Байден Украина заңына қол қойды

АҚШ  президенті Джо Байден Украинаға әскери техниканы қарызға немесе жалға беруге рұқсат ететін заңға қол қойды.

Джо Байден конгрестің мақұлдауын алған «2022 жылғы Украинаға қарыз беру-жалға беру туралы заңын» бекітті.

Байден өз сөзінде «Америка Құрама Штаттары украиндықтарға өз елін және демократиясын (Ресей президенті Владимир) Путиннің сұрапыл соғысына қарсы қорғау күресінде қолдау береді» деді.

Аталған заң Украинаға әскери техника жөнелту және қорғаныстық қолдау көрсету үдерісін жеңілдетуге бағытталған.

Америка Құрама Штаттары 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда өзі соғысқа белсенді түрде қатыспаса да, бұл заңды Ұлыбритания мен  басқа да одақтастарын техникамен қамтамасыз ету үшін пайдаланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар