Ресей Данияның 7 дипломатын қуды

Ресейдегі Дания өкілетті елшілігіндегі 7 қызметкер "ұнатылмайтын адам" деп жарияланды.

1822683
Ресей Данияның 7 дипломатын қуды

Ресей өзара қарым-қатынастардың қажетіне сай даниялық 7 дипломатты шекарадан шығаруға шешім қабылдады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Данияның Ресейдегі өкілетті елшісі Карстен Сондергаард министрлікке шақырылып, 15 орыс дипломаттың 5 сәуірде Данияда ешқандай себепсіз "ұнатылмайтын адам" деп жариялануы мен әкімшіліктің Украинаға әскери жәрдем жасауы протест етілгені білдірілді.

Даниядағы Ресейге қарсы саясаттың екі жақтылы қарым-қатынастарды ауыр зақымдайтыны жеткізілгені білдірілген мәлімдемеде:

"Елшіге жауап ретінде Ресейдегі Дания өкілетті елшілігіндегі 7 қызметкердің "ұнатылмайтын адам" деп жарияланғаны жеткізілді. Осы адамдардың екі апта ішінде елден шығып кетуі керек. Сонымен бірге Дания дипломатиялық міндетіндегі бір кісіге виза  берілмеді" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар