Әлемде 193 миллион адам ашаршылықтан зардап шегуде

2021 жылы шамамен 193 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігінен зардап шекті.

1822173
Әлемде 193 миллион адам ашаршылықтан зардап шегуде

Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) байланысты Италияда орналасқан Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, Еуроодақ пен әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың үлесімен «Азық-түлік дағдарысына қарсы жаһандық желі» жылдық есебін жариялады.

«2022 жылы жаһандық азық-түлік дағдарысы» тақырыпты есепке қарағанда қақтығыстар, экстремальды ауарайы жағдайы және жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індетінің экономикалық ықпалы себепті 2021 жылы 53 елде/аймақта шамамен 193 миллион адам дағдарыс немесе одан да нашар деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін бастан кешті.

Азық-түлік қауіпсіздігінен зардап шегетін адам санының 2021 жылы шамамен 193 миллионға жеткені, мұның 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 40 миллион адамға көп екені тіркелді.

Есепте «Эфиопияда, Оңтүстік Мадагаскарда, Оңтүстік Суданда және Йеменде 570 мың адам азық-түлік қауіпсіздігінің ең ауыр сатысында болғандықтан, құлдырауды тоқтату үшін шұғыл шаралар қажет. Жоғары деңгейде ауыр ашаршылықпен күресіп жатқан елдердің әсіресе азық-түлік және ауылшаруашылық импортына жоғары деңгейде тәуелді және азық-түлік бағасының жаһандық күйзелістеріне қарсы осал болуына байланысты Еуропаның шығысындағы (Ресей-Украина) соғыс қаупіне қарсы қорғаныссыз» делінді.

БҰҰ есебіне қарағанда 2021 жылы қақтығыстар 24 елде/аймақта 139 миллион адамға, экстремальды ауа райы жағдайы 8 елде/аймақта 23 миллионнан астам адамға, экономикалық күйзелістер болса 21 елде/аймақта шамамен 30 миллион адамға әсер еткен азық-түлік қауіпсіздігінің факторлары қатарында орын алды.



Ұқсас жаңалықтар