Жаңа Зеландия Ресейге санкцияларды арттырды

Сыртқы істер министрі Наная Махута соңғы санкциялардың Ресейдің Украинаға ашқан соғысының "жауапкерлерін" нысанаға алғанын айтты.

1821438
Жаңа Зеландия Ресейге санкцияларды арттырды

Жаңа Зеландия Ресей Парламентінің жоғарғы палатасы – Федерация Кеңесі мен қорғаныс ұйымдарына санкция жасауға шешім қабылдады.

Бұл туралы Жаңа Зеландия радиосының  хабарлауына қарағанда Жаңа Зеландия Ресей Парламентінің жоғарғы палатасы – Федерация Кеңесінің 170 мүшесі мен қорғаныс ұйымдарында жұмыстанған 6 ресейлік компания және ұйымға санкция жасау шешімін қабылдағаны білдірілді.

Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі Наная Махута жазбаша мәлімдемесінде соңғы санкциялардың Ресейдің Украинаға ашқан соғысының "жауапкерлерін" нысанаға алғанын айтты. 

Наная Махута Ресей президенті Владимир Путиннің "соғыс машинасының" заңсыз шабуылды жалғастырғаны және Ресейдің Украинада жасан "қорқынышты" бейнесін ортаға салғанын, жауапкерлерге бедел төлетуге бел байлағандарын білдірді.

Сонымен бірге Наная Махута:

"Украина халқын қолдаймыз және Путин мен оның арандатушы тобын жауапкер деп қарауға бекідік" деп көрсетті.

Жаңа санкцияларда орыс лауазымдыларға бағытталған саяхат шектемесі 400-ден астам кісіге кеңейтілді.



Ұқсас жаңалықтар