Президент Зеленский халыққа үн қатты

Владимир Зеленский соғыс басталғаннан бері 350 мыңнан астам азаматтың эвакуация жасалғанын айтты.

1821351
Президент Зеленский халыққа үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғаннан бері 350 мыңнан астам азаматтың эвакуация дәліздері арқылы соғыс алаңдарынан құтқарылғанын айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский видеолы үндеуінде:

"Гуманитарлық дәліздер организациясы Ресеймен жалғасқан келіссөз процесінің бір бөлшегі. Өте былыққан және қиын жағдайда болса да, соғыс алаңдарынан 350 мың адамды құтқардық" деді.

Азовстальдан адамдарды эвакуациялау орыстармен тығыз келіссөз арқылы іске асқанын айтқан Зеленский эвакуация үшін барлық шарттар жасалатынын және Мариупольдегі адамдардың эвакуациялануын үміт еткенін білдірді.

Украина премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук Мариупольдегі «Азовсталь» зауытының аумағында әскерлермен бірге жүздеген бейбіт халықтың тұрғанын, жағдайдың гуманитарлық трагедияға айналғанын, су, азық-түлік мен дәрі-дәрмек таусылғанын айтып, Мариупольдегі адамдарды эвакуациялау операциясы аясында алғашқы екі күнде «Азовсталь» зауытынан жүзден астам әйел, бала және қарттардың шығарылғанын білдірді.

Ирина Верещук Мариупольдегі эвакуациялау операциясының мақсатына жеткенге дейін жалғасатынын айтты.

БҰҰ Украинада орыс жасақтарының қоршауындағы Мариуполь қаласында эвакуациялау жұмысының жалғасқанын хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңсесінің Украинадағы ресми өкілі Савиано Абреу жазбаша мәлімдемесінде БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті ынтымақтастығымен Мариупольдегі Азовсталь зауыты базасында 2 айдан бері қамалып қалған әйел, бала және қарттарды Запоризкаға эвакуациялау шаралары жалғасып жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар