Израиль полициясы әл-Акса мешітіне басқын жасады

Израиль полициясы әл-Акса мешітін басып алып, ішіндегі палестиналықтарға қарсы күш қолданды.

1820291
Израиль полициясы әл-Акса мешітіне басқын жасады

Израиль полициясы басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысында орналасқан әл-Акса мешітін басып алып, мешіттегілерге қарсы күш қолданды.

Израиль полициясы таң намазынан кейін әл-Акса мешітінің Мағрибе қақпасынан кіріп, тас лақтырған жас палестиналық топқа резеңке оқтар және дыбыс бомбаларымен қарсылық берді.

Палестина Қызыл жарты ай қоғамының мәлімдемесінде басқын кезінде жарақат алған 12 адамға алғашқы көмектің көрсетіліп, екеуінің ауруханаға жеткізілгені білдірілді.

Бұл адамдардың көпшілігінің белінен жоғары жарақат алғаны білдірілген мәлімдемеде Израиль полициясының Палестина Қызыл жарты ай топтарының әл-Акса мешітіне кіруіне кедергі болғаны атап өтілді.

Израиль полициясы әл-Акса мешіті ауласындағы адамдарды күштеп қуып шықты және Рамазан айының соңғы жұма намазына сырттан келген мұсылмандарға мешіттің есігін жауып тастады.

Куәгерлердің айтуынша, бір адам қамауға алынған.

Әлеуметтік медиада жарияланған бейне жазбада басып алынған Шерияның батысынан келген жүздеген палестиналықтың әл-Акса мешіті орналасқан Ескі қаланың шеткі көшелерінде тәкбір айтып ұран тастағаны және Израиль полициясына наразылық көрсеткені орын алуда.

Әл-Акса мешіті Рамазан айының басынан бері Израиль полициясының басқындары және шабуылдарымен күн тәртібінде.

Израиль полициясы ондаған мың мұсылман қатысуы күтілген рамазан айының соңғы жұма намазы алдында Ескі қала аймағын мыңдаған әскерімен күшейткенін жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар