БҰҰ Бас хатшысы Киевте жүргенде орыс зымыраны келіп құлады

Геращенко шабуылда 6 адамның жараланғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

1820233
БҰҰ Бас хатшысы Киевте жүргенде орыс зымыраны келіп құлады

Украина астанасы Киевте бейбіт тұрғындар тұрған ғимаратқа соққы берілді.

Киевтің Шевченковский кварталына зымыран лақтырылды.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді.

Украина Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко журналистерге орыс зымыранының бейбіт тұрғындардың үйлеріне келіп тигенін айтты.

Зымыранның Ресей заңсыз аннексиялап алған Қырымнан ұшырылғанын айтқан Геращенко шабуылда 6 адамның жараланғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің Киевке соңғы зымырандық шабуылын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің сапары кезінде жасағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Кулеба Twitter-дегі парақшасында бөлісті. "БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Болгария премьер-министрі Кирил Петков астанамызда болған кезде Ресей Киевке қанатты зымыранмен соққы берді. Ресей осы сұмдық жабайылығымен Украинаға, Еуропаға және әлемге деген көзқарасын тағы бір рет көрсетті" деді ол.



Ұқсас жаңалықтар