Ресей терроризмге қолдау берген елдер қатарына ене ме?

Блинкен Сенатта сұрақтарға жауап берді.

1819486
Ресей терроризмге қолдау берген елдер қатарына ене ме?

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен тиісті департаменттердің Ресейдің терроризмге қолдау көрсететін елдер тізіміне қосылуы жөнінде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сенаттағы бюджет отырысында Энтони Блинкен 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына баға берді. Блинкен республикашыл сенатор Линдси Грэмнің «Сіз Ресейді терроризмге қолдау беретін мемлекеттер тізіміне енгізуді ойлайсыз ба?» деген сұрағына "Біз мұны қарап жатырмыз, заңгерлеріміз мұндай мәміленің тиісті заңға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін мәселені қарастыруда. Бірақ менің ойымша ресейліктердің Украинаны қорқытып жатқанына күмән жоқ" деп жауап берді.

Ресейдің қазір Сириядан кейін Украинада ойран салып жатқанын атап көрсеткен Грэм осыған байланысты әкімшіліктің кез келген қадамына бүкіл Сенаттың толық қолдау көрсететінін және Ресейдің терроризмді қолдайтын елдер тізіміне қосылуы керектігін айтты.

Екінші жағынан Блинкен Әділет министрлігінің Ресейдің бұғатталған қорларын тәркілеуге болып болмайтынын тексеріп жатқанын айтты, бірақ ол егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Сондай-ақ АҚШ министрі алдағы апталарда Мәскеу әкімшілігіне жаңа санкция салатындарын, Ресей Украинада шегініс жасамаса, санкциялар толқынының жалғасатынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар