НАТО-дан Финляндия мен Швецияға мүшелік үшін жағымды хабарлама

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде мәлімдеме жасады.

1819870
НАТО-дан Финляндия мен Швецияға мүшелік үшін жағымды хабарлама

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндия мен Швецияның одаққа мүшелікке өтініш берсе, оларды өте жылы қарсы алынатынын және мүшелік процестерін қысқа мерзімде аяқтау мүмкін екенін білдірді.

Столтенберг Еуропарламенттегі саяси топтарға Украинадағы соңғы жағдай туралы ақпарат беру үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі парламент ғимаратына барды және Еуропарламент төрағасы Роберта Мецоламен кездесуінің алдында журналистерге мәлімдеме жасады.

Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болғысы келсе, мүшелік процесі қанша уақытқа созылады деген сұраққа Столтенберг «Бұл елдердің қарулы күштерінің НАТО стандарттарына сай және НАТО-мен үйлесімді екенін білеміз. Оқу-жаттығуларды бірге жасаймыз. Көптеген операция мен миссияда ортақ қозғалдық. Олар өтініш білдірсе, құпталады. Процесс жылдам болады деп үміттенемін. Олар ресми процесс аяқталғаннан кейін мүше бола алады» деп жауап қатарды.

24 ақпан күні Ресейдің Украинаға бастаған шабуылының Грузия мен Молдова сияқты НАТО және ЕО-қа кірмейтін елдердің қауіпсіздігіне НАТО-ның қолдауының қажеттігін атап өткен Столтенберг практикалық және саяси қолдауды қамтитынын және олар шығыс Еуропадағы жақын серіктестермен не істей алатындығы туралы жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар