Францияда 2 мешітке Исламға қарсы сөз жазылды

Экс-ан-Прованс қаласындағы екі мешіттің кіреберісіне 25 сәуір күні түнде Исламға қарсы жазулар жазылғаны білдірілді.

1819381
Францияда 2 мешітке Исламға қарсы сөз жазылды

Францияның оңтүстігінде екі мешітке Исламға қарсы жазулар жазылды.

Бұл туралы жергілікті La Provence газетінің хабарлауынша Экс-ан-Прованс қаласындағы екі мешіттің кіреберісіне 25 сәуір күні түнде Исламға қарсы жазулар жазылғаны білдірілді.

Қала қызметкерлері мешіттегі жазуды өшірді.

Қалалық кеңес мүшесі Салах-Эддин Хоуэль аталмыш жазуларға наразылық көрсетті.

Хоуэль:

«Біз бұл келеңсіз әрекеттерді айыптаймыз» деді.

 Прокуратура оқиғада кінәлілерді табу үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Оқиға жайлы куәгер немесе қауіпсіздік камерасы жоқ екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар