Сомалидегі бомбалы шабуылда 7 адам қаза тапты

Террористтер Банадир ауданында әскери көлік өткен кезде жолға орналастырған бомбаны жарды.

1817791
Сомалидегі бомбалы шабуылда 7 адам қаза тапты

Сомалидегі бомбалы шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 7 адамның қаза тапты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша шабуыл бас қала Могадишоның Банадир ауданында әскери көлік өтіп бара жатқан кезде жасалды.

Жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 7 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті.

Әлеуметтік желідегі суреттерден жарылыс кезінде аймақтағы кейбір дүкендерге де зақым келгені байқалады.

Шабуылдың жауапкершілігін террор ұйымы аш-Шабабтың мойындағаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар