Иран шетелдік мұнай танкерін тәркіледі

Иран Басра шығанағында 200 мың литр жанармайды заңсыз тасымалдаған шетел туы бар танкердің тәркіленгенін және 8 кісінің ұсталғанын хабарлады.

1817189
Иран шетелдік мұнай танкерін тәркіледі

Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы Басра шығанағында жанармай алып қашқаны алға тартылған бір танкердің тәркіленгенін, шетелдік 8 кісінің ұсталғанын хабарлады.

Иран мемлекеттік телеарнасы Иран Төңкеріс қорғаушылары армиясы Теңіз күштері осы жайлы жазбаша мәлімдеме жасағанын білдірді.

Мәлімдемеде Басра шығанағының солтүстігінде 200 мың литр жанармайды заңсыз тасымалдаған шетел туы бар танкердің тәркіленгені және танкердегі шетелдік 8 кісінің ұсталғаны хабарланды.

Бушехир кемежайына тоқтатылған танкердің қайсы елдің байрағын ілгені жарияланбады.



Ұқсас жаңалықтар