Украина Ресейдің соғыс шығындарын жариялады

Украина Бас штаб басқармасы мәлімдеме жасады.

1816956
Украина Ресейдің соғыс шығындарын жариялады

Украина Бас штаб басқармасы 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан соғыста қаза тапқан ресейлік сарбаз санының 21 мың 600-ге жеткенін жариялады.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде 24 ақпан күні мен 23 сәуір күні аралығындағы соғыста Ресей армиясының шығындары туралы деректердің жаңартылғаны айтылды.

Бұған қарағанда Украина аумағында 21 мың 600 ресейлік әскер қаза тапты.

Сонымен қатар, 177 әскери ұшақ, 145 тікұшақ, 854 танк, 2 мың 205 броньды техника, 403 зеңбірек, 143 зымыран тасығыш жүйесі мен 69 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жойылды.

Ресейлік күштер 1 мың 543 көлік, 8 кеме мен жеңіл жүрдек қайығы, 76 жанармай тасымалдайтын көлік және 182 пилотсыз әуе көлігін де жоғалтты.



Ұқсас жаңалықтар