Сирияның Баб ауданында бомбалы шабуыл жасалды

Баб ауданының Зәмзәм аумағында көлікке тиелген бомба жарылды.

1816457
Сирияның Баб ауданында бомбалы шабуыл жасалды

Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бір көлікке тиелген бомбаның жарылуы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Түрік Қарулы күштерінің Евфрат қалқаны операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Зәмзәм аумағында көлікке тиелген бомба жарылды.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда террор шабуылында 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK тарапынан жасалуы мүмкін екеніне назар аударуда.



Ұқсас жаңалықтар