Рамафоса мен Зеленский телефонда сөйлесті

Соғыс процесінде Ресейді айыптамаған Оңтүстік Африка қақтығыстардың бітімгерлік және келіссөз арқылы шешілетініне сенеді.

1816055
Рамафоса мен Зеленский телефонда сөйлесті

Оңтүстік Африка президенті Сирил Рамафоса Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мен Украина соғысын телефонда кеңесті.

Сирил Рамафоса Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде Владимир Зеленскиймен телефондағы әңгімеде Украинадағы соғыстың трагедиялық және гуманитарлық жағдайы мен жаһандық нәтижелерін қолға алғандарын білдірді.

Сирил Рамафоса:

"Украинаның құрлығымызға маңызды азық-түлік экспортшысы ретінде жаһандық өніммен қамдау дәлізіндегі орына зиян салған қақтығыстың келіссөз арқылы шешімін табуы керектігі тақырыбында ортақ көзқарастамыз. Зеленский болашақта Африкамен тығыз ынтымақтастық жасауды күтуде" деді.

Украинаның Оңтүстік Африка астанасы Преториядағы елшісі Любовь Абравитова баспасөзге мәлімдемесінде екі лидер арасындағы кеңестің Ресей президенті Путинге маңызды үндеу ерекшелігінде екенін айтты.

Африканың ірі экономикасы арасындағы Оңтүстік Африка Республикасы соғыстан кейін БҰҰ-нда Ресейге қарсы дауыс берудің барлығында қалыс қалған болатын.

Соғыс процесінде Ресейді айыптамаған Оңтүстік Африка қақтығыстардың бітімгерлік және келіссөз арқылы шешілетініне сенеді. 



Ұқсас жаңалықтар