Францияда сайлау 24 сәуірде өтеді

Сайлаудың екінші турында президент Эммануэль Макрон мен әсіре оңшыл Марин Ле Пен бәсекелеседі.

1816364
Францияда сайлау 24 сәуірде өтеді

Францияда халық 24 сәуір жексембі күні өткізілетін президенттік сайлаудың екінші турында президент Эммануэль Макрон мен әсіре оңшыл Марин Ле Пеннің бірін таңдайды.

67 миллион жан саны бар Францияда 48.7 миллион сайлаушы 5 жыл міндет атқаратын жаңа президентті сайлау үшін дауыс береді.

Сайлауда дауыс беру жұмыстары Францияның негізгі территориясында жерглітлікті уақытпен сағат 08.00-де басталып, 19.00-де аяқталады.

Үлкен қалаларда сағат 20.00-ға дейін дауыс беріледі.

Зерттеу компаниялары сандықтар жабылғаннан кейін сайлаудың нәтижелерін жариялай бастайды.

Ресми нәтижелер Атазаң кеңесі тарапынан 27 сәуір күні жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар