Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль әскери ұшақтары Әл-Кассамға тиесілі нысандарға бірнеше рет шабуыл жасады.

1815590
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль әскери ұшақтарының Газа секторындағы Хамас қозғалысының қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасына тиесілі аумақты нысанаға алғаны хабарланды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі шабуылда адам шығыны немесе жарақат алғандар туралы мәлімдеме жасамады.

Шабуыл Израиль армиясының сәрсенбі күні кешке Израильдің оңтүстігіндегі Седирот қаласына Газа секторынан жасалған зымыран шабуылы хабарламасының артынан бірнеше сағаттан өткен соң жүзеге асты. Оқиға үшін жауапкершілікті өз мойнына алған Газадағы топтардан ешқандай мәлімдеме жасалмады.

Иерусалимнен бастап әл-Акса мешіті мен Шерияның батысында Рамазан айының басынан бері шиеленістер жалғасқанда, израильдік әсіре оңшыл топтардың әл-Акса мешітіне басып кіру әрекеті мен Ескі қалада шерулер өткізуді талап етулері тұрақтылықтың одан да нашарлауы уайымдарын арттыруда.



Ұқсас жаңалықтар