Ауғанстандағы шабуылды ДАИШ мойнына алды

Куәгерлер бомбалы шабуылда қаза тапқандар саны 31 кісіге жеткенін, жаралылардың 80-нен асқанын алға тартты.

1815998
Ауғанстандағы шабуылды ДАИШ мойнына алды

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы бір мешітте болған бомбалы шабуылдың жауапкерлігін ДАИШ террористік ұйымы мойнына алды.

ДАИШ террористік ұйымының әлеуметтік медиада бөліскен мәлімдемесінде бомбалы шабуылдың жауапкерлігін мойнына алғанын хабарлады.

Сонымен бірге куәгерлер шабуылда қаза тапқандар саны 31 кісіге жеткенін, жаралылардың 80-нен асқанын алға тартты.

Куәгерлер бомбалы шабуылдың мешітте түскі намаз кезінде болғанын айтты.

Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы бір мешітте болған жарылыста кемінде 5 кісі қаза тапқаны білдірілген еді.

Жергілікті баспасөздің хабарында жарылыста 65 адамның жарақат алғаны білдірілді.

Reuters агенттігіне сұхбат берген бір Талибан лауазымдысы:

"2-ші аймақтағы бір шиит мешітінде жарылыс болды. 20-дан астам кісі қаза тапты және жараланды" деді.

Жан шығынының артуы алаң туғызуда.



Ұқсас жаңалықтар