АҚШ 90 елге саяхат шектемесін жойды

3-ші категорияда Түркиямен бірге Ұлыбритания, Франция, Израиль, Австралия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания және Ресей сияқты елдер бар.

1814755
АҚШ 90 елге саяхат шектемесін жойды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары Түркияны қамтыған 90 елді жаңа типті коронавирус індеті (Сovid-19) себепті саяхат жасамау шектемесі тізімінен шығарды.

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарынан жасалған мәлімдемеде аталмыш елдердің "Саяхат жасамау" ескертуі берілген 4-ші өреден вакцина салғызбаған АҚШ азаматтарының баруы шектелген 3-ші дәрежеге төмендетілгені білдірілді.

Мәлімдемеде 4-ші ескерту дәрежесінің "Арнайы жағдайлар және саяхат жасамаңыз" деп таныстырылғаны, осы ескетуде қазір ешқандай бір елдің жоқ екені хабарланды.

3-ші категорияда Түркиямен бірге Ұлыбритания, Франция, Израиль, Австралия, Грекия, Гонконг, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Испания және Ресей сияқты елдер бар.



Ұқсас жаңалықтар