Зеленский 53 күннен бері қару күткендерін айтты

Зеленский «Ресей армиясының әрекеттеріне әлем реакция көрсетуі керек» деді.

1813634
Зеленский 53 күннен бері қару күткендерін айтты
Kiyev_Brovarı rayonu_müharibə.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский «Ресей армиясының Херсон және Запорожье облыстарының оңтүстігіндегі әрекеттеріне әлем реакция көрсетуі керек» деді.

Зеленский өзінің күнделікті халыққа арнаған сөзінде 53-ші күні артта қалған Ресей-Украина соғысына баға берді. Ол «Украинаның Херсон және Запорожье облыстарындағы басқыншылардың әрекетіне әлем реакция  беруі керек» деді.

Ресей армиясы азаптау камераларын орнатты деп мәлімдеген Зеленский «Жергілікті әкімдеріміз бен қауымдастықтардың беделді басшыларын алып қашыруда. Мұғалімдерді қорқытып отыр. Жалақыларын тәркіледі. Гуманитарлық көмектерді ұрлады. Адамдар аштыққа ұшырады» деген сөздер қолданды.

Зеленский Ресей армиясының елдің шығысында көтеріліске дайындалып жатқанын атап өтті.

«Тура мағынада олар Мариупольді талқандағаны секілді Донбассты да жойғысы келеді. Олар Донецк пен Луганск облыстарын да жойғысы келеді», - деді ол.

Зеленский Харьков қаласында соңғы төрт күнде үздіксіз атқылаудан 18 адам қаза тауып, 106 адам жараланғанын білдірді.

Ресей армиясының шабуылдарын «саналы терроризм» деп сипаттаған Зеленский: «Әрине Ресейден мұнай жеткізуге эмбарго қажеттілігі күннен-күнге артып келеді» деді.

Украина президенті  53 күннен бері қару  күткендерін айтты.

«Мен мұны түсіндіргім келеді. Қару-жарақтағы әрбір кешігу, әрбір саяси байланыс Ресейге украиндықтардың өмірін қиюға мүмкіндік береді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар