"Украина армиясының екі Миг-29 жойғыш ұшағын атып түсірдік"

Игорь Конашенков Ресей армиясының Украинадағы әскери әрекеттері туралы ақпарат берді.

1813659
"Украина армиясының екі Миг-29 жойғыш ұшағын атып түсірдік"

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Харьков облысында Украина армиясының екі Миг-29 жойғыш ұшағын атып түсірілгенін хабарлады.

Игорь Конашенков Ресей армиясының Украинадағы әскери әрекеттері туралы ақпарат берді.

Украинада нысанаға қарсы жоғары дәлдіктегі қарулар қолданылғаны туралы ақпаратпен бөліскен Конашенков «Бір күнде Барвенково және Доброполие елді мекендеріндегі жанар-жағармай және оқ-дәрі қоймалары әуедегі жоғары дәлдіктегі зымырандармен жойылды» деді.

Ресей әуе күштерінің Украинаның 44 әскери нысанын жойғанын атап көрсеткен Конашенков олардың арасында командалық басқару орталықтары, S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесі нысана белгісі, зымыран және артиллериялық арсеналдар, әскерлер мен әскери техникалық көліктер жиналған аумақтар бар екенін айтты.

Украинада зымырандар мен артиллерия бөлімшелерінің 113 жерін өртегендерін айтқан Конашенков «Ресей әуе қорғаныс жүйелері Харьков аймағындағы Федоровка және Заводы елді мекендері төңірегінде ауада екі украиналық Миг-29 ұшағын, Преображенское маңында бір ұшқышсыз ұшағын атып түсірді» деді.

Конашенков сондай-ақ Украина армиясына тиесілі 136 ұшақ, 471 ұшқышсыз ұшу аппараты, 249 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 2308 танк пен броньды көлік, 254 көп ұңғылы зымыран, 998 гаубица мен миномет, 2171 арнайы әскери техниканың жойылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар