Йемен: "Хоусит мергеннің оғынан бір әскер қаза тапты"

Йеменнің Хадж провинциясында бір әскер хоусит мергеннің оғынан қаза тапты.

1813964
Йемен: "Хоусит мергеннің оғынан бір әскер қаза тапты"

Йемен Қарулы күштері Коммуникация орталығынан жасалған мәлімдемеде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жариялаған атысты тоқтатуға қарамастан оқиғаның көптеген бұзушылықтың бірі екені баса айтылды.

Алдында екі жақтан да атысты тоқтату келісімінің бұзылуына байланысты әртүрлі мәлімдемелер жасалса да, сенбі күні Йемен армиясынан бір әскердің Цевф провинциясында хоусит мергеннің оғынан қаза тапқаны алғаш рет жарияланған еді.

Иран қолдайтын хоуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері бас қала Сана мен кейбір аймақтарды бақылауда.

Сауд Арабиясы бастаған коалиция күштері болса 2015 жылдың наурыз айынан бері хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау көрсетуде.

БҰҰ-ның Йемен бойынша арнайы өкілі Ханс Грундберг Йемен үкіметі мен хоуситтердің 2 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-дан бастап әуе, құрлық және теңіз операцияларын 2 айға тоқтатуға келіскенін хабарлады.

Грундберг тараптардың жанармай тасымалдайтын кемелердің Худейде портына кіруі және Сана әуежайынан аймақта алдын ала белгіленген жерлерге коммерциялық рейстер ұйымдастыру тақырыптарында келіскенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар