Франция полициясы екі әйелге қол жұмсады

Бір полиция әйелдің біреуін ұруда, енді бір полиция қалған әйелді жерге жатқызуға тырысуда.

1814012
Франция полициясы екі әйелге қол жұмсады

Францияның Асниерес қаласында полицияның жолдың ортасында орамал таққан екі әйелді жұдырықпен ұрған көріністері наразылыққа себеп болды. 

Бұл бейне көріністер әлеуметтік желі Twitter және Instagram парақшаларында тарап кетті. Көріністе француз полициясы жолдың ортасында орамал таққан екі әйелді жұдырықтап ұруда. Бір полиция әйелдің біреуін ұруда, енді бір полиция қалған әйелді жерге жатқызуға тырысуда. 

Бейне көріністерде полиция әйелдің басына жұдырықпен ұрған кезде бір әйел бұл көріністерді видеоға түсіріп алды. Видеоға түсірген әйел айғай салып "Әй сізді видеоға түсіріп жатырмын, оны қоя бер. Қараңыздаршы әйелді жұдырықпен ұруда" деп айғайлады.

Видео түсірген әйел полицияның қасына барып оларды видеоға түсіргенін айтса, полиция "Ия, мен оны жұдырықпен ұрдым, бұған менің билігім бар" деп жауап берді. 

Әйел болса полицияларға бір әйелге қол жұмсаудың заңға қайшы екенін айтып наразылық көрсетуде. 

Әлеуметтік медиада полицияның бұл әрекетіне наразылық көрсетілсе, француз полициясы исламофобия екенін алға тартуда. 

Сол кезде  орамал таққан екі әйелдің қарсы жаққа өтуге тырысқаны баяндалған мәлімдемеде полицияның автокөліктен түсіп, жолда жүріп бара жатқан екі әйелге киліккені және қол жұмсағаны пайымдалды. 

Енді бір жағынан Twitter-дегі исламофобиямен күрес парақшалары әлеуметтік медиа арқылы әйелдердің табылуы үшін жәрдем үндеуін жасады. 

Мәлімдемеде адвокаттан қолдау алу үшін аталмыш орамал таққан екі әйелді танығандар өздерімен байланыс жасауын сұрады. 

 



Ұқсас жаңалықтар