Нигерияда қайық апатында 26 кісі мерт болды

Алию Дантани мәлімдемесінде апаттан кейін іздеу-құтқару топтарының жұмыстарымен 26 адамның мәйіті табылғанын айтты.

1811916
Нигерияда қайық апатында 26 кісі мерт болды

Нигерияның Сокото уәлаятында жолаушы қайығы аударылуы салдарынан алғашқы санаққа қарағанда 26 кісі қаза тапты.

Нигерия жаңалықтар агенттігінің (NAN) хабарлауынша Шагари ауданының әкімі Алию Дантани мәлімдеме жасап, Сокото уәлаяты Шагари ауданындағы Шагари өзенінде жолаушы мен жүк тасыған қайығы аударылғанын білдірді.

Алию Дантани мәлімдемесінде апаттан кейін іздеу-құтқару топтарының жұмыстарымен 26 адамның мәйіті табылғанын айтты.

Қайықта қанша адамның отырғаны анық емес екенін білдірген Дантани іздеу-құтқару топтарының жұмыстары жалғасқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар