Колумбияда полиция 12 мінген ұшақ құлады

Колумбияда қауіпсіздік күштері мінген ұшақ апатқа ұшырап, 12 полиция жараланды.

1812220
Колумбияда полиция 12 мінген ұшақ құлады

Колумбияда қауіпсіздік күштері мінген ұшақ ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшырап, 12 полиция жараланды.

Елдің Мета әкімшілік орталығына қарасты Вильявисенсио қаласындағы Вангвардия әуежайынан көтерілген полиция мінген DC-3 ұшағы көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.

Апат салдарынан біреуі ауыр күйде, 12 полиция қызметкері жарақат алды. Апат салдарынан әуежайдың ұшу-қону жолағы біраз уақытқа жолаушылар қозғалысына жабылды.

Лауазымдылар PNC-0257 тіркеу нөмерлі ұшақтың қатты соққан жел салдарынан құлауы мүмкін деп бағалауда.

Басқа жақтан ұшақтың құлаған сәтін әлеуметтік желіден көрсететін бейне көріністер тарады.



Ұқсас жаңалықтар